Сен- бүгінгі Қазақсың

Стандартный

Сен- бүгінгі Қазақсың,

Санаса, саусақ артылар аз-ақ сың ,

42 әріпіннен шатасып,

Өзге тілде көсілген Сен мазақсын.

Ескіріп қалады-ау деп тілің,

Орекеңмен орып сөйлер ғажапсың!

Өйткені, Сен – ШАЛАказахсын!

Жо-жо?, сен Ұлысың!

Азатпын деп, ақырсаң да,

Келмеске кеткен Империализмнің құлысың…

Ана тілсіз көрген күнің құрысын!

Әсел Мұздаубаева

КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ

Стандартный

2.1. Тарихи деректерден
Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде
есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж
болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді
қарапайым қүралдар жеткілікті болды. Рылым мен техника
дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі
артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот,
арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла Әрі қарай оқу

Адамнан қулық артылмас.

Стандартный

Өмірде пайдасы тиіп қалар. Біле жүріңіз.
-Асау жылқыны немесе сауын биені базарға апарып сатар алдында аузына бір шиша арақ құйып жібереді екен. Содан әлгі атыңыз бір күн бойы моп-момақан болып артыңыздан еріп жүре береді. Жуас деп мақтап-мақтап сата беріңіз.
-Базардан союға қой іздегенде абай болыңыз. Артқы сирақтарына қараңыз. Байлау болуы мүмкін. Мұндағысы, арықтау қойдың сирағынан жел береді екен де қайта шықпасын деп сирағынан байлап қояды. Үйіңізге барып бауыздап қалсаңыз желі шыққан доптай «пыс» ете қалады.
-Осы жел беру әдісін қойды бауыздағаннан кейін терісін сыпырар алдында да пайдаланады. Сонда терісі өздігінен алынып түсе қалады.
-Кей бір тиыны алынуы қиын балықтарды тазалар алдында ыстық суға салып жібереді екен. Сонда тазалануы онай болады.
-Құрылыс салумен айналысатын кей бір фирмалар біз жақта көптеп босап қалған ескі базаларды арзанға сатып алады екен де, бұзып кірпіштерін жаңадан салып жатқан ғимараттардың ішкі жағына өріп жібереді екен.

Есекті сөйлету.. немесе атамның әңгімесі.

Стандартный

Ертеде бір еріккен хан «Кім де кім есекті сөйлетсе соған екі қап алтын беремін, ал сөйлете алмаса басын шабамын» деп жаханға жар салыпты. Еcекті кім сөйлете алсын. Көпке дейін ешкім келмепті. Бір күні Алдар көсе ханның алдына барыпты. Өзінің есегін көрсетіп, Мына есегімді сөйлете аламын,. Ол үшін сіз маған 20 жыл уақыт және алтындарыңызды алдымен беріңіз депті. Ешекті сөйлетемін дегенге таң қалған хан шартына көніп екі қапты алтынды есегіне артқызып егер сөйлете алмасаң басыңды аламын деп Алдарды жіберіпті. Алдарды көрген адамдар оны аяп, О ақымақ ешекті қалай сөйлетесің, ертең басыңды алады ғой. –депті.

Сонда Алдар, Әрі қарай оқу