Дәрілер жүреді ма?

Стандартный


Мына сурет Астана қаласындағы Әділ деп аталатын үлкен дүкеннің ішіндегі дәріханадан түсірілген. Бұдан бірнеше ай бұрын байқап сатушы кісіге /ұлты қазақ әйел адам/ жазудың дұрыс еместігін, дүрысы қалай жазылатындығын айтып кеткенмін. Жақында сол дүкенге жолым түсіп, арнайы дәріхананы барып қарадым. Барлығы қаз қалпында тұр екен. тек сатуша жас қыз. Бардым да суретке түсіріп алдым. Сатушы қызға қате екендігін тағы да түсіндірдім. Сатушы ұқпай, қайта – қайта оқып қарап қалды. Бірнеше минуттардан соң жанынан өтіп бара жатып байқасам қаламмен қатесін түзетіп қойыпты..

Электронды үкімет порталы

Стандартный

http://www.e.gov.kz порталының жарнамасы. Жарнама астана қаласындағы басты көшелердің бірі Сарыарқа даңғылында қойылған. Хабар арнасының ғимаратына қарсы бетте.  Бір қарағанда қателіктері байқалмауы мүмкін. Осы секілді жағдайларға қарап отырып  Үкіметтің арманы е қазақ емес, е орыс емес дүбара ұлт жасау ма деп қаласың!